Версия для печати

КОВИДТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР ВАКЦИНА АЛМАҒАН Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1680 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 240 адам адам қайтыс болды. Қауіпті инфекция жұқтырып көз жұмғандардың ешқайсысы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

508

 

–Өткен тәуліктің өзінде ковидке шалдыққан 412 науқас анықталды. Қазір инфекциялық стационарда 1774 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 166 науқас жан сақтау бөлімінде жатса, 64-нің жағдайы ауыр халде, - дейді Б.Позилов.
Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 3 мыңға жуық төсек-орын бар. Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты инфекциялық төсек-орындар саны көбейтілуде. Жалпы жыл басынан бері ковид жұқтырған 13 109 науқас тіркелген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.