Версия для печати

Отбасы институтын нығайту мәселесі талқыланды Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2145 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентке ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова бастаған топ арнайы келді. Шымкенттік қоғам белсенділерімен кездескен, заң жобасын талқыға салған жиынды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізіп отырды.

513

 

Жергілікті азаматтық қоғам және мемлекеттік атқарушы орган өкілдері бір үстелдің басына жиналды. Олардың пікірі «қайтсек отбасы институтын нығайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын аламыз» деген мәселеде тоқайласып жатты.
Өздеріңізге белгілі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы Парламентте қызу талқыға түскен құжаттардың бірі. Қоғам белсенділері тарапынан заң жобасын жақтаушылар да, даттаушылар да аз болмады.
Сондықтан да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға әлі де болса ана мен баланың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында азаматтық қауымдастықтардың пікіріне құлақ асу керектігін, қоғамдық талқылаулар өткізіп, барлық пікірлерді назарға алуды тапсырған болатын.
– Отбасы институтын нығайту жолындағы іс-шараларға әрбіріміз жауаптымыз. Әрбір азамат өз отбасындағы татулықты сақтай отырып, жанұя мүшелерінің құқықтарын да құрметтеуге міндетті. Сонда ғана біз ана мен бала қауіпсіздігін сақтай аламыз, – деді Ләззат Рамазанова.
Бұл орайда республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің де атқарып отырған жұмыстары мақтауға тұрарлық. Себебі отбасы құндылықтарын сақтау, нығайтуда тек ана тәрбиесі ғана емес әкенің ақылы, үлгі боларлық іс-әрекеті де маңызды.
– Өкінішке қарай, біздің қоғамда әлі де болса ажырасу, азаматтық неке мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Мұның салдары көп ретте баланың құқығына қол сұғуға әкеп соқтыруда. Әлеуметтік-экономикалық жағдай, діни наным-сенім көзқарасы да көп ретте отбасылық дау-дамайдың ұлғайып, ерлі-зайыптылардың ажырасуына себепші болатыны да бар. Мұндай жағдайдағы баланың тәрбиесі, ертеңгі қоғам иесінің мінез-құлқы мәселесі көп ретте ұмыт қалуда. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі маңызды, – дейді республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет.
Тәрбие мәселесіне келгенде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста қайшылықтар орын алатыны, бала мен әкенің түсінік-пайымы бір-біріне қарама қайшы болуы да қоғамда маңызды мәселеге айналып отырғаны рас.

514


– Тығырықтан шығатын жол бар. Егер әрбір ата-ана өз баласының көзқарасымен санаса білсе, мысалы үшін, үйге қажетті бір зат сатып алатын кезде баланың да таңдауына, пікіріне мән беретін болса мұндай түсінбестік болмайды. Керісінше, өз таңдауына мүмкіндік берілген балада сол затты ұқыпты ұстауға, бүлдірмеуге деген жауапкершілік пайда болады. Өз бетінше шешім қабылдай алу, шешім қабылдаған соң, сол мәселеге жауапты болу тұлғаның бойында бала кезден қалыптасуы қажет. Оның бастауы – отбасында. Тәрбиенің басы да осы, – дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Басқосу барысында көптің назарын аударған бір мәселе – отбасындағы психологиялық ахуал болды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы психологтар лигасының мүшесі, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Лимана Қойшиева нақты мысалдар келтіре отырып, өмірден алынған оқиғалар бойынша өткізілген психологиялық теренигтердің нәтижесімен бөлісті.
–Көп ретте адамдар мәселенің байыбына бармай, өзіндік пікір, ой тұжырым жасау арқылы адасып жатады. Пікірді дұрыс қабылдамау, мәселені дұрыс бағалай білмеудің салдарынан ерлі- зайыптылар бірін бірі түсінбей арада ұрыс-жанжал орын алуы мүмкін. Міне, осы кезде біздің психологтар отбасы тыныштығын сақтап қалуға, ажырасып кетудің алдын алуға көп көмектесе алады,– дейді Лимана Құттыбекқызы.
«Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту» мәселесі сөз болған жиынға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Олар Нұр-Сұлтан қаласынан келген Street Law Kazakhstan бағдарламасының тренері, заңгер Медет Усеров, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айжан Мұқатаева, теледәрігер, эндокринолог, anti-age эксперт Гүлжан Аманбай сынды мамандармен саналы отбасы және әкенің бала тәрбиесіне араласуы, психологиялық мәселелер тақырыбында пікірлесті.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері Шымкентте өткен басқосудағы әрбір пікір заң жобасын дайындауда назарға алынатынын ескертті.