Алиевтер «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының жеңімпазы Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1539 раз

Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы анықталды. Биыл байқау жаңа форматта өткізілді.

515

 

«Мерейлі отбасы» байқауы алдымен 4 ауданда өтті. Абай ауданы – 31, Әл-Фараби ауданы – 20, Еңбекші ауданы – 20, Қаратау ауданы – 39 яғни барлығы 110 өтініш қабылданды. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда биыл 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы қалалық кезеңге жолдама алған болатын.
Нәтижесінде комиссияның шешімімен Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылды. Жеңімпазды қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан марапаттап, қала әкімінің алғыс хаты мен 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.
Алиевтер отбасының үлкені Бачак Алиев - ішкі істер саласының құрметті ардагері. Ол отбасылық «АБО» түрік ансамбліне жетекшілік етеді. Бүгінде 6 отбасы бір шаңырақ астында тұрады. Отбасылық өнердің арқасында алыс-жақын шетелге гастрөлмен шығып, танылып үлгерген. Қалада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға да белсене атсалысып жүреді.
Қалалық кезеңге өткен барлық отбасыға Шымкент қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты және бағалы сыйлықтар табысталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.