Инвесторлар «ноу-хау» аялдама салады Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1227 раз

Әл-Фараби ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ноу-хау» аялдамалар салынады. Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер есебінен пайдалануға беріледі.

518

 

Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.
Сондай-ақ, жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, көлік бағыттарын көрсететін жол картасы да қойылады.
Жаңа үлгідегі аялдамалар тамыз айында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.