ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ Избранное

Пятница, 06 Август 2021 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1931 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

657

 

Басқарма басшысы Б.Дүйсебековтің сөзінше, биыл 6 айда қала экономикасына 131,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға артқан. 7 айда бұл көрсеткішті 165 млрд. теңгеге жеткіземіз деп отыр. Сонымен қатар, 2021-2025 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 166,7 млрд. теңгені құрайтын, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен, 68 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 10,2 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған.
Инвестицияның артуына индустриялық аймақ, көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. Көлік логистикалық аймағында 32,5 млрд.теңгеге 53 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,9 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Шымкентті инвесторлар үшін тартымды қала ету үшін жағдай жасап, инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Индустриялды аймақтарға қолға алынған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаулар көрсетілуін тапсырды. Апта сайын өткізілетін инвестштабта берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақыланатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.