«Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылдың қараша айында басталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «АРТ-құрылыс» ЖШС. Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің де құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Жаңа Арна – 2002» ЖШС салып жатқан нысанның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге. Нысан құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған.
Қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусының да құрылыс барысымен танысты. Қазір мұндағы жұмыстар «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Білім беру нысандарының жұмысын аралап көрген қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.