МЕМОРАНДУМғА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Избранное

Среда, 01 Сентябрь 2021 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1405 раз

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «НГСК ҚазҚұрылысСервис» АҚ филиалы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара бірлескен меморандумға қол қойылды.

712

 

«ҚазҚұрылысСервис» – жаһандық қатысуымен жобалау, сатып алу және құрылыс жөніндегі технологиялық компания. Мұнай-газ, инфрақұрылым және өнеркәсіптік секторлар саласындағы тәжірибелі компания филиалын қазіргі уақытта бетоншы, ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, тас қалаушы және т.б. құрылыс-монтаждаушылар қажет.
Осыған орай жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері филиал басшысымен кездесіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттарымен таныстырды.
Мемлекеттік бағдарламаның жұмыспен қамту бағыттарына қызығушылық танытқан компания өкілдері алдағы уақытта 200-ден аса жұмыссыз азаматты өңірдегі құрылыс жұмыстарына және ресейлік филиалға 18 жастан 60-жасқа дейін 1000-ға жуық азаматты вахталық әдіспен тартуға келіссөз жүргізді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.