Версия для печати

Үйлер басқарудың жаңа тәсіліне көшуде Избранное

Пятница, 03 Сентябрь 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1138 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының Абай ауданында мүлік иелерінің бірлестігі (МБ) мен Жай серіктестікке (ЖС) өту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде аудан аумағындағы көп қабатты 453 үйдің 374-і кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркелген.

734

 

Қазіргі таңға дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесі мен оның тиімділігін түсіндіру мақсатында тұрғындармен 290 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде көп қабатты 218 үй бойынша келісім хаттамасы жасалып, ол үлеске шаққанда 48,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 164 үй басқарудың жай серіктестік, 54-і мүлік иелерінің бірлестігі түріне көшті. Өткен аптада 24 жиналыс өткізіліп, 2 мүлік иелерінің бірлестігі құрылды, 24 үй жай серіктестік ретінде тіркелді.
Әл-Фараби ауданында көп қабатты үйлердің жаңа басқару нысанына көшуі бойынша тұрғындармен 384 жиналыс өткізілді. Осы күнге дейін көп қабатты 51 үйде МИБ, 139-ында ЖС құрылды. Сондай-ақ, МИБ-ке өту жөнінде 34 үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа тәсілін таңдау бойынша қажет құжаттар (хаттамалар) көп қабатты 27 үй тұрғындарына келісілуге беріліп, осы тақырып аясында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Биылғы 26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары көп қабатты 12 үйдің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді, 11 жай серіктестік тіркелді.
Қаратау ауданының Тұран және Шымкент сити шағынаудандарындағы көп қабатты үйлерде әкімдік тарапынан тұрғындармен жиналыс өткізілді. Онда мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктің маңыздылығы мен ерекшеліктері түсіндірді. Қазіргі таңда аталған ауданда 9 МИБ және 200 ЖС құрылған.