Паралимпиада мәреге жетті Избранное

Среда, 08 Сентябрь 2021 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1169 раз

Токиодағы ХVI Жазғы Паралимпиада ойындары аяқталды. Коронавирустық пандемияға байланысты ойындардың жабылу салтанаты Жапонияның ұлттық стадионында көрерменсіз өтті. Бұл байрақты додада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы командалық есепте 51-орынға табан тіреді.

742

 

Пара таэквондошы Нышан Өмірәлі ел құрамасынан соңғы сайысқа қатысқан спортшының бірі болды. Ол 75 келіде алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңіліп қалған еді. Дегенмен, аталған қарсыласының финалға шығуына байланысты Нышан жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалына шықты.
Онда марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізді. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді.
Ұлттық Паралимпиада құрама сапынан Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен жеңімпаз атанса, пара дзюдодан Ануар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды. Пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали қола медальді олжалады.
Ал жалпы Паралимпиада ойындарында қытайлықтар 96 алтын, 60 күміс және 51 қола медальмен топ жарды. Екінші орында Ұлыбритания құрамасы болды. Ағылшындар бұл додада 41 алтын, 38 күміс және 45 қола медальмен марапатталды. 104 жүлдені еншілеген АҚШ құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, жарыста спорттың 22 түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оған әлемнің 162 ұлттық құрама командасы бақ сынады.