ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ Избранное

Среда, 08 Сентябрь 2021 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1119 раз

15 қыркүйектен бастап қаладағы емханаларда тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз жиынында айтылды.

757

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов пен білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен балалар вакцинациясы және білім беру мәселелері бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды.
Шаһардың бас дәрігері қалада коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстары 18 жастан жоғары азаматтарға жүргізіліп жатқанын жеткізді.
– Жыл сайын 300 мыңнан астам қала тұрғыны тұмауға қарсы екпе салдырады. Оның басым бөлігі балалар. Биыл дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызамық, эпидемиялық паротит аурулары тіркелген жоқ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 2,9 есеге төмендегені байқалады. Қазіргі уақытта 1-сынып оқушыларына білім беру мекемелерінде манту сынамасын жүргізу басталды. Одан кейін БЦЖ туберкулезге қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі, - дейді Бақытжан Жолдасбекұлы.
Ал жиында қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мектептерде екпе егу, дизинфекция жүргізу жұмыстарына қатысты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Қаладағы 202 мектепте 223 мың оқушы штаттық режимде білім алуда. Ал 11 оқушының ата-анасы онлайн форматта оқуға өтінім берген. КВИ жұқтырғандармен байланыста болған 25 бала
14 күнге оқшауланған.