Версия для печати

Тарихыңды танып, тұлғаңды құрметте Избранное

Пятница, 17 Сентябрь 2021 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1706 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымшаһардағы білім беру мекемелерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар жалғасуда. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқушылар арасында да тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді.

750

 

Мектеп директоры Қайырбек Сәбитұлының айтуынша, қыркүйек айына жоспарланған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақты қытайлық әріптестерімен де онлайн өткізбек. Бұл тәрбие сағаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген.
Іс-шараны қаладағы жетекші 30 мектептің 900 оқушысы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің YouTube арнасы арқылы тараған тікелей трансляциядан тамашалады. Сабақ барысында 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.
– Жобаның басты мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбегін жеткізу. Назарбаев Зияткерлік мектептері – тәуелсіздік тарту еткен үлкен сый. Мұнда қаншама баланың арман-қиялы шындыққа айналып, биік шыңдарды бағындыруда. Биыл мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданды. Озық ойлы шәкірттеріміздің жарқын жетістіктерімен алдағы жылдары еліміздің барлық саласы дамиды деген үміттеміз, - дейді Қайырбек Буксукбаев.
Ашық сабаққа қатысқан Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров Қазақстанның экономикалық дамуы, ел тәуелсіздігінің рөлі мен халықаралық аренадағы жетістіктері туралы оқушыларға өз ойын айтса, айтыскер ақын Абылай Құлтай тәуелсіздіктің құрдасы екенін қара өлеңмен жеткізді.