Версия для печати

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ Избранное

Пятница, 17 Сентябрь 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1541 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыс етті.

767

 

Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталды. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.
Жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтқан Мұрат Әйтенов осындай еңбектері үшін спортшыларға қала тұрғындары атынан алғыс білдірді. Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсәт» шағынауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.
Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада
жүлдегері.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.