КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ Избранное

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 298 раз

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.

816

 

Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК, «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ЖК, «Қазығұрт» ЖК) қоймасында 35 мың тоннадан астам көмір бар. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады.
Күн суығанда көмірді азаматтардың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезек көбеюі мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін қыркүйек айынан бастап тұрғындарды көмір сатып алуға шақырамыз.
Шымкенттіктер биыл көмірді 6 жерден сатып ала алады. Қатты отынды сақтау және тарату орындарының үшеуі Достық тұрғын алабы Яссауи көшесінде орналасқан. Сонымен бірге, Қызылсай тұрғын алабы Жібек жолы көшесінде, Қойкелді батыр көшесі және Клара Цеткин көшесінде бар. Онда 1 тонна көмірдің бағасы 9500 - 15 000 теңге аралығында. Көмірді жеке алыпсатарлардан емес, белгіленген орындардан алған жөн.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.