Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша сертификаттық тестілеудің оң нәтижесін алған азаматтар (35 жасқа дейін) президенттік кадрлық резервіне, «Болашақ» стипендиясына үміткер бола алады.
–Тиісті баллды жинай алмаған азаматтардың тестілеуді қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал жыл басынан бері орталықта 726 азамат қазақ, ағылшын, орыс тілдерінен курстан өтті, - деп атап өтті Дәурен Дүйсебаев.
Сертификаттық тестілеуден үміткерлер В1, В2 және С1 деңгейлерінен өтуі тиіс. Барлығы 150 сұрақ беріледі. 120-на дұрыс жауап берген үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан тесттен өткендігі туралы сертификат табысталады. Қазіргі таңда еліміздегі барлық тіл оқыту орталықтары ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде дайындалған оқу құралдарымен тіл үйренушілерді оқытып келеді.
Б. АНАРБАЙ