«МЕН ҚАУІПСІЗДІКТЕМІН» Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1273 раз

Үшінші мегаполисте коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғандарға білезіктер таратылды. Қалалық №1 емханасында өткен акция аясында екпенің екінші компонентін алуға келген азаматтарға еріктілер «мен егілдім», «мен қауіпсіздіктемін» жазуы бар білезіктер үлестірді.

900

 

– Емханада орналасқан вакцинация пунктінде екпенің алғашқы дозасын алуға келгендердің барлығына осындай білезіктер бере бастадық. Вакцинаның қай түрін алуға келгеніне қарамастан тұрғындардың бәріне бірдей кішігірім сыйлық үлестіріледі. Мұндай акцияларды ұйымдастыру вакцинацияның маңыздылығын жақсы көрсетеді деп санаймыз. Өйткені, «Мен егілдім», «қауіпсіздіктемін» атауының өзі ұжымдық иммунитет қалыптастырып, пандемияны жеңу үшін бүкіл ел екпе алуы керек екенін ерекше көрсетіп тұр, - дейді қалалық №1 емханасының инфекционист-дәрігері Жанайым Полат.
Жұқпалы аурулар дәрігерінің айтуынша, аталған емханада 46210 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 26500 адамға вакцина салу жоспарланыпты. Бүгінгі таңда екпе алғандар көрсеткіші 98 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, 9 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығатынын айтты. Ал қала тұрғыны Гүлнар Кенжеәлі вакцинацияның маңызын халық түсінгенін жеткізді.
– Мен өзіме, туыстарым мен отбасыма қауіп төндірмес үшін алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, екпе алдым. Бұл жаһандық індетпен күрестегі ең маңызды қадам деп білемін. Екпе алу – еліміздің әрбір азаматының парызы. Бүгін екінші компонентін салдырдым. Алғашқысында да айтарлықтай кері әсері болмады. Қазір өзімді жақсы сезініп отырмын, - дейді көпбалалы ана.
Ал еріктілер қаладағы үш егу пунткінде осындай білезіктер берілетінін жеткізді. Бұл екпе алған адамның қауіпсіз екенін көрсетеді дейді, акцияны ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 521 078 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды.