ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1247 раз

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының жанынан фронт офис ашылды. Кеңсенің ашылуына «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Қала әкіміне «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева кеңсенің атқаратын қызметі және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын таныстырды.

914

 

Аталған фронт-офистің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына онлайн түрде қызмет көрсету, азаматтардың өтінішін қарау, тіркеу және өңдеу. Қоғамдық қабылдау қызметкерлерімен қоса аудандық филиал қызметкерлері фронт-офистің коңырауларын қабылдап, өтініштерді тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдау арқылы шұғыл жауап беруді ұйымдастырады.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштеріне әр сала маманы, мәселен: құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокуратура, полиция департаменті, әділет департаменті, адвокаттар алқасы, медиатор орталығы және жергілікті атқарушы орган мамандары тиісті сұрақтарға жауап береді.
Жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов сайлауалды бағдарлама бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шаралардың орындалуын баяндады.
–Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жол картасы бекітілген болатын. Сайлауалды бағдарлама – елімізді таяудағы бес жылда жаңа даму бағытына түсіретін нақты жол картасы. Онда республика бойынша әр өңір, қала және ауданда атқарылатын жұмыстар нақтыланған. Осы орайда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша 149 іс-шара белгіленіп, оған жауапты басқарма басшылары мен қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері бекітілген. Жұмыстардың жүйелі әрі сапалы орындалуы үнемі партия назарында, - деді қала әкімі.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Дария Қожамжарова және аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Еркін Сатқанбаев баяндама жасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.