Әскери-патриоттық клубтар бақ сынайды Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 471 раз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай және «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» бағдарламасы аясында «Айбын – 2021» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті.

947

 

Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжанов пен бірқатар ведомоство өкілдері қатысты. Ал, республиканың барлық өңірінен озық шығып, іріктелген әскери-патриоттық клубтар бейне-конференция арқылы байланысты. Олардың қатарында ҚР ҚК әскери бөлімдерінің, әскери мектептер мен білім басқармаларына қарасты мектептерден құралған 74 команда бар.
Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен шымкенттік жас сарбаздар бейне-байланысқа Көрме орталығынан шықты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің Қорғаныс істері жөніндегі кеңесшісі Т.Бидайбеков, Шымкент қаласы Қорғаныс істері департаменті басшысының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.Мадияров, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева қатысты. Шымкент қаласындағы білім мекемелері арасынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен №52 мектеп-лицейдің «Барыс», №68 жалпы орта мектебінің «Сұңқар», №99 мектеп-гимназияның «Арыстан» әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері бейне-байланыс арқылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың құттықтау сөзін тыңдады.
Жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, ҚР Қарулы күштерінің мәртебесін көтеріп, әскери қызметті насихаттауға бағытталған сайыс республиканың түкпір-түкпірінде 6-22 қазан аралығында арнайы кестеге сәйкес өткізіліп, 30 қазанда қорытындысы жарияланбақ. Шымкент қалалық білім басқармасынан қатысып отырған әр әскери-патриоттық клубтың құрамында 10 ұл, 5 қыз бала бар. Олар зияткерлік ойыны, челленждер байқауы, шығармашылық, өнертапқыштық, спорттық және алғашқы медициналық көмек көрсету сынды түрлі сайыстарда бақ сынайды.