—Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкент қаласында 70 мектеп болса, бүгінде білім ұяларының саны 200-ге жуықтады. Онда 250 мыңға тарта оқушы білім алып жатыр. Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Сондай білім ұяларының тағы біреуі — «Intellect» физика-математика лицейінің ашылуына келіп отырмыз. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.
Айта кетейік, заманауи үлгіде бой көтерген мектепте оқушыларға физика-математика бағытында тереңдетілген білім беріледі. Сондай- ақ, білім алушыларға жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра, тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Жалпы, лицей 600 оқушыға арналған. Әзірге мұнда 275 оқушы білім алуда.