Версия для печати

ШЫМКЕНТТЕ «КҮЙ АНАСЫ - ДИНА» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Вторник, 12 Октябрь 2021 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1487 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.Осы орайда, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Күй анасы - Дина» атты әдеби-сазды кеші өтті.

952

 

Шығармашылық кештің басты мақсаты - күйшінің туындыларын насихаттау, жастарды күй өнеріне баулу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау болып табылады. Кеш «Домбырашы қыз» деректі фильмінен басталды.Арнайы қонақ ретінде ұстаз домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар шақыртылды. Шара барысында Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады. Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың Дина Нұрпейісоваға арнауынан «Ана сыры» әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалап көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.