Версия для печати

Білікті – бірді, білімді мыңды жығады Избранное

Среда, 20 Октябрь 2021 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1556 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай Шымкенттегі жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде қала әкімінің қолдауымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңі салтанатты түрде ашылды. Екінші кезеңнің ерекшелігі – сайысқа енді мектеп оқушылары ғана емес, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері де қатысады. Олар спорттың футбол, волейбол, баскетбол және шахмат сынды 4 түрінен сынға түседі.

113

 

Спорттық іс-шараның ресми ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ, қатысушы командалар және олардың жанкүйерлері қатысты.
Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы жобаның маңызына тоқталып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
– Қала әкімінің идеясы һәм қолдауымен биыл «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші маусымына қадам бастық. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында аталған бәсеке екінші рет ұйымдастырылып отыр. Сайыс ҚР Президенті Қасым-
Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде былтыр басталған еді. Бірінші кезеңдегі жарыста 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің шеберліктерін паш етіп, жақсы өнер көрсетті. Нәтижесінде 4 мектеп спорттың төрт түрі бойынша чемпион атанып, осы білім ұяларының әрқайсысы 20 миллион теңгеден жеңіп алды. Мектеп директорлары берген мәліметтерге сүйенсек, бұл қаражат чемпион оқушылардың өздері оқитын білім ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалған. Бұл оқушылардың ұстаздары берген білімнің өтемі, қамқорлығына деген сыйы. Дәл осындай жарыс, уақыт өткен соң біздің шаһарда ғана емес, бүкіл облыстарда да өтетініне сенімім мол. Себебі жарыста оқушылар өздерінің спорттық шеберліктерін арттырып қана қоймайды. Сайыс, ең алдымен, табанды болуға үйретеді, – деді Шыңғыс Мұқан.
Бұдан соң жарыстың алғашқы ойыны өтті. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, А.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясы және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының қыздар командасы арасында волейболдан тартысты ойын болды. Турнирде 2:0 есебімен №64 мектептің құрамасы басым түсті.