ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Избранное

Среда, 20 Октябрь 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 281 раз

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылауға қатысты жиын өтті. Оқу орнының студенттері және оқытушыларымен Жолдауды насихаттауға байланысты ақпараттық-насихат тобының мүшесі Сәкен Мәжінбеков жүздесті.

112

 

Сәкен Аралбайұлы алдымен мемлекет басшыларының ел халқына жолдауы ежелден келе жатқан дәстүр екеніне тоқталып, тарихтағы алғашқы мұндай маңызды құжатты 1822 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Джеймс Монро жариялағанына тоқталды. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы жолдау 1997 жылы қабылданғанын айтты. Ол – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы».
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы – аса маңызды құжат. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы дүние жүзі пандемияға тап болды. Соның салдарына әлі де кері әсерін тигізуде. Әсіресе, экономикалық дағдарыстың салқыны қатты сезілуде. Мемлекет басшысы, міне, осындай жаппай дағдарыс кезіндегі ел дамуына негіз болатын басты бағыттарды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Ал сіздер, өскелең ұрпақ, «Елге мен не бере аламын?» деген принциппен оқып, дамып, тұлға болып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуларыңыз керек. Сіздер де әлемді жақсы жағына өзгертуге ұмтылыңыздар! – деді Сәкен Аралбайұлы.
Жиын соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.