Қарт әжей депутаттарға риза Избранное

Пятница, 22 Октябрь 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1438 раз

Депутат – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Көптің көкейіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне де халық қалаулысы мұрындық болады. Өңірдің дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы соларға байланысты. Өз ісін мінсіз атқарып, ағайынның алғысын арқалап жүрген депутаттар бар. Мандаттың міндетінен бөлек олар әрбір тұрғынның мәселесіне айрықша мән береді.

137

 

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев пен Айжан Наимбекова демеушілік жасап, 500 мың теңгеге қала тұрғыны Шолпанай әженің үйіне газ тартып берді.
Шолпанай әженің мәселесі 20 тамыз күні әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Ашып айтсақ, қария екі немересімен тұрады. Бұған дейін көгілдір отынның игілігін көре алмай келген. Сондықтан қыстың аязында кірді қолмен жуып, пешке от жағуға мәжбүр. Үлкен немересі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанса, кішісі колледжде оқиды. Отбасына зейнетақыдан бөлек кіріс кірмейді. Зейнетақысының бір бөлігін алыстағы қызына салып, бір бөлігін несиені жабады. Қалғанын немерелеріне жұмсайды. Қалта көтермегендіктен газ тартуға мүмкіндігі жоқ.
Жағдаймен танысқан Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат
Балтабаев демеушілік жасап, газ кіргізіп беретінін айтқан болатын. Халық қалаулысы сөздің үдесінен шықты. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Айжан
Наимбековамен бірге демеушілік жасап, 200 метр жерден газ тартып берді. Сонымен қатар Шолпанай әженің үйінде қонақ болып, қарияның батасын алды. Көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселесі шешілген қала тұрғыны халық қалаулыларына алғысын айтты. Мәселенің мән-жайына қанық болып, бірден іске көшкен депуттарға әжей дән риза.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.