SMART CITY: ЖАЙЛЫ ОРТА, АҚЫЛДЫ БАСҚАРУ Избранное

Среда, 27 Октябрь 2021 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1380 раз

Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мегаполисте көптеген кешенді жобалар қолға алынғаны белгілі. Бұл республикалық маңызы бар шырайлы шаһардың smart city-ге көшудегі алғашқы қадамдардың бірі. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан шаһар бүгінде ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналып келеді. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, әдетте, ақылды қалалардың экономикасы жоғары, басқару жүйесі жүйеленген, инфрақұрылымы жетілген, барлық талаптарға сай болады. Тұрғындары да цифрлық тұрғыдан сауатты әрі жаңашылдыққа бейім келеді. Шымкент қаншалықты бұл критерийлерге сай? Сараптамалық мақалада осы сауалға жауап іздеп көрдік.

153

 

– «Smart city» тұжырымдамасы барлық қызмет көрсетудің тиімділігін арттырады, - дейді қалалық цифрландыру басқармасының цифрлық трансформация бөлімінің басшысы Мақсат Туғанбай. – Оның негізгі миссиясы жайлылық, қауіпсіздік болғандықтан халық көп шоғырланған үлкен мегаполистерде мұның қажеттілігі зор. Өйткені, адам көп жерде қауіп те жоғары. Мұндай жерлерде әркім өзін жайсыз сезінетіні тағы бар. Ал осындайда халықтың уақытын тиімді үйлестіріп, жұмыс жүйелілігін, сапасын арттыратын ол әрине инновациялық технология негізіндегі заманауи құрылғылар. Бір сөзбен айтқанда, «ақылды қалалар» – бұл жайлы орта, ақылды басқару. «Ақылды қалалар» – бұл мегаполис жүйелерін көшелерді жарықтандыру мен трафик мониторингінен бастап мемлекеттік қызметтерді алуға және тамақ жеткізуге дейін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін IoT-құрылғылары бар инфрақұрылым ғана емес. Бұл – деректерді өңдеу мәдениеті. Қала тұрғындары туралы ашық деректер массивімен сауатты жұмыс істеу есебінен қала тұрғындарының өмірін және барлық қалалық жүйелердің жұмысын жақсартуға болады. Халықаралық тәжірибеге жүгінер болсақ, «smart city» тиімділігі жоғары екені айқындалған. Мәселен, энергия үнемдеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және өзге де салаларда инновациялық шешімдер есебінен, қызмет пен қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін қоса алғанда, қалалық процестерді орталықтандырылған басқару жүйесінің жаңа мүмкіндіктері, біртұтас талаптары қалыптасқан.
Мақсат Маратұлы салада ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда бейнекамералардың орны айтарлықтай ерекше екеніне тоқталды. Қауіпсіздік саласын цифрландыруда жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқанын тілге тиек етті.

154


– Жалпы шаһарда талдау барысында 7753 бейнебақылау камерасы бары анықталды. Атап айтқанда, оның ішінде 1433-і денсаулық сақтау ұйымдарынына тиесілі. Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің 79%-ында бейнекамералар орнатылған. 100% көрсеткішке жету үшін қосымша 582 бейнебақылау камерасы орнатылуы керек. Балабақшаларда 2154 (65%) бейнебақылау камерасы орнатылып, ал қажеттілік 1413 камераны құрайды. Сонымен қатар, 136 мектепке 2385 бейнебақылау камерасын орнату көзделіп отыр. Бүгінгі күні оқу орындарындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жедел басқару орталығымен интеграцияланған «SOS» батырмаларын орнату жобасы бойынша келісім шарт жасалып, 136 мектепке орнатылған. 18 наурыз күні өткен кезекті мәслихат сессиясында қала аумағында 1500 жалпы бейнебақылау камерасын орнату туралы ұсынысымыз қолдау тапты. Ол құрылғылар 100 көше қиылысы мен 200 желілік учаскеге орнатылады деп жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Орнату жұмыстары жүріп жатыр. Ал, қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1030, жол қауіпсіздігін қадағалайтын 512 камера жұмыс істеп тұр. Бұл арада қоғамдық қауіпсіздіктің артқаны айтпаса да түсінікті, - дейді ол.
«Цифрлық Қазақстан» – жаһандану талаптарына сәйкес жаңғыру тетігі. Тың технологияларды игере отырып, цифрлы экономикаға өту – ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы
Н.Назарбаев айтқан негізгі тапсырмалардың бірі. Мемлекеттік бағдарлама әсіресе, мегаполис атанған көне шаһар Шымкенттің гүлденуіне аса қажет. Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте мемлекеттік бағдарламаның негізігі бағыттары саналатын «Адами капиталын дамыту», «Жібек жолын іске асыру», «Инновациялық экожүйені құру» бойынша да жұмыстар қарқын алған.
– Адам капиталын дамыту бағытында колледждер, мектеп жасындағы оқушылар, зейнет жасына дейінгі және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жұмыссыз жүрген азаматтар, халықтың әлеуметтік осал топтағы қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы интернет ресурс іске қосылды. Ол жоба аясында 19 мыңнан астам тұрғын онлайн режимде оқудан өтті. Олар аталған жобада «Базалық дағдылар», «Е-коммерция», «Ашық үкімет» порталы, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдарымен жұмыс істеуді толық меңгерді, - дейді цифрлық трансформация бөлімінің басшысы.
Мақсат Туғанбайдың айтуынша, «Инновациялық экожүйені құру» бағыты бойынша бүгінгі таңда әкімдік Astana HUB технопаркімен стартаптарды қолдау мақсатында меморандум жасап, жобаларды дамыту жұмыстары жүргізілуде.
– Astana HUB-тың аймақтық ресми өкілі Silkway халықаралық университеті (SmartHUB Silkway) Accelerator 2020 бағдарламасы бойынша дәрістер оқытуда. Бағдарлама аясында қатысушыларға Mohopro 12 ақпаратында 2D анимациялық мультфильмдер жасау, робототехника (Arduino, Raspberry) электроника құру бойынша, сондай-ақ, ақпараттық заманауи 12 қосымшасын үйрету арқылы және тағы басқа да стартап жобаларды нарыққа шығару тақырыптар бойынша шеберлік курстары өткізілуде. Сонымен қатар, Price Control, Q-retail, Q-bazar, Anti-COVID, Digital Shymkent, InMoov: робот гуманоид және тағы басқа да нарыққа шығару бойынша стартап жобаларды іске асырылуда. Қазіргі таңда компаниялардың инновациялық жобасын қолдау мақсатында жергілікті бюджет тарапынан Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірқатар гранттар бөлініп, иегерлері анықталуда. Жалпы әкімдікпен бөлініп отырған 33 гранттың 5-і цифрландыру аясындағы инновациялық жоба мәнінде тағайындалып отыр, - дейді М.Туғанбай.
іKomek – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынан туындаған нақты қадамдардың бірі. Қала билігінің бұқараға барынша жақын болуын мақсат тұтқан сервис бүгінде шымкенттіктердің кез келген мәселесін дер кезінде шешіп беруге мүмкіндік тудыратын алаңға айналып үлгерген.
– Өткен жылы азаматтардың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру, жүйелі проблемаларды шешу және жайлы орта құруды қамтамасыз ету үшін «109» бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Қазіргі уақытта осы орталыққа келіп түскен арыз-өтініштердің жалпы саны –
191 665 құрап, 98%-ы өз шешімін тауып немесе тиісті жауаптар жолданған.
150 000-нан астам өтінімге кеңес беріліп, алғашқы қоңыраумен тұрғындар мәселелері қанағаттандырылды. Орталыққа барлығы 22 қалалық басқарма, 4 аудан әкімдігі, 7 департамент, 32 мемлекеттік мекеме мен сервистік мекемелер байланыстырылып, қызмет етуде, - дейді Мақсат Маратұлы.
Ал iKomek 109 қызмет көрсету орталығының директоры Азат Әміртайдың айтуынша, орталық аясын тұрақты түрде кеңейтуде. Ашылғаннан бері орталық қоғамдық көліктердің мониторингін, «Төлем» жүйесі бойынша арыздарды қарастыратын және сұрақтарға жауап беретін call-орталық, психологиялық кеңес, вакцинация бойынша ақпарат алу, жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) жазылу, жоғалтып не тауып алған заттар туралы ақпарат ала алатын бірыңғай байланыс орталығы ретінде сапалы қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмысымен көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгеріпті.
Иә, «ақылды қалалар» болашақта өз маңызын жоймайды. Себебі, дәл осы ақылды қалалар арқылы пайдалы ресурстардың жаңа көздерін ашу оңай болады. Адамзат дамуының ядросы – ірі қалалар, заманауи мегаполистер десек, біздің сүйікті қаламыз күн өткен сайын сол атқа лайықты болып келеді. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында Шымкент жақын болашақта «ақылды», «жасыл», әрі «қауіпсіз қала» атанары сөзсіз.