Шаһар басшысы Қаратау ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексерді. Аудандағы басты 90 көше мен 992 ішкі орам көше, аяқ жолдар және аулаларды қардан тазалау жұмыстарын «Жасыл жер» және «Ақсемсер строй сервис» мекемелері жүргізеді. 54 арнайы техника және 350 жұмысшы дайындалды. 7 мың текше метр құм, 2 мың тонна тұз инертті материалдар қарастырылуда.
Ал, Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарын төрт мердігер («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТау Сервис» ЖШС) мекеме жүргізеді.
Жалпы аудан аумағындағы орталық көшелердің ұзындығы 191 шақырым келетін 76 көшені қардан тазарту жұмыстары 10 бағытқа бөлінген. Әр бағыт сызбасы дайындалып, көшелердің ұзындығы есептелген. Кезекші бригадалар жұмысқа дайын.
Әкім ішкі көшелер мен аяқжолдар тазалығын жіті қадағалауды, құрал-жабдықтар, шеткі аумақтардағы тазалықшыларға жылы киім мен ас-су жеткізілуін қамтамасыз етілу қажеттігін айтып, жұмыс барысында жолдарға зақым келмеуін қадағалауды тапсырды.