ТЕХНИКАНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ Избранное

Среда, 10 Ноябрь 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 967 раз

Шымкент қалалық азаматтық қорғау қызметі мен авариялық-құтқару қызметтері жол техникасының қыс мезгіліне әзірлігі қаралды. Арнайы техниканың дайындығын қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов және ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев тексерді.

33

 

Мұндағы мақсат – қыс мезгіліндегі инертті материалдар қорын, арнайы техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау. Бұған қоса қыста туындауы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою пысықталды.
– Қыс айларында қалада жалпы ұзындығы 1040 шақырымды құрайтын 315 көшеде қар тазаланады. 32 бағытта коммуналды-техникалық қызметтің 684 техникасы және 1901 маман жұмыс істейді. Жауапты мамандарға қар жауып тұрғанда ұзын жолдарды бөліп-бөліп тазалау арқылы уақытты ұтымды пайдалану жөнінде тапсырма берілді. Қазіргі таңда 5 мың тоннадан аса тұз, 22 мың текше метр құм дайын. Инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жалғасуда, – деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, коммуналды қызметтен бөлек, қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің 15 техникасы мен жеке құрамдағы 105 қызметкері, апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 техникасы мен 11 маманы, «Қазселденқорғау» мекемесінің 10 техникасы мен 11 адамы қыс мезгіліне дайын.
Ал, ауа райы нашарлаған жағдайда Шымкент қаласының полиция департаменті Шымкент–Алматы, Шымкент–Ташкент және Шымкент–Қызылорда секілді 3 бағытта автомобиль қозғалысын тоқтату бойынша жұмыс жүргізеді. Қажет болған жағдайда 123 жиналу-эвакуация пункті көмекке дайын.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.