Көрменің басты мақсаты – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарына, ұйымдар мен мекемелерге жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныстыру.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын өнімдері ұсынылады.