Тән саулығы – жан саулығы Избранное

Среда, 17 Ноябрь 2021 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1584 раз

Шымкенттегі №74 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында спорт алаңшасы ашылды.

382

 

Спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Нүрипа Әуелқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Анипа Искакова және ата-аналар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жаңадан ашылған спорт алаңшасында балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануына мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, мектепте бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшілерінің айтуынша, жаңадан ашылған спорт нысаны арқылы волейбол мен шағын футболды дамытуға болады. Мұның барлығы да балалардың болашағы үшін жасалып отырған игі іс. Білім нәрімен сусындаған, дені сау ұрпақ ертеңгі ел жүгін көтерер азамат болары хақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.