Білімді жас – Қазақстанның болашағы Избранное

Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 342 раз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында Шымкенттегі индустриалық-техникалық колледжінде қаладағы арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында «Білімді жас — Қазақстанның болашағы» атты фестиваль өтті.

403

 

Мерекелік іс-шарада арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда әр колледж кәсіптік мамандығына қарай студенттер қолымен жасалған бұйымдарды келушілер назарына ұсынды. Сондай-ақ, фестиваль барысында шәкірттер арасында пікірталас сайысы өтіп, студенттер парламентариясы ұйымдастырылды.
— Фестивальдің басты мақсаты – арнаулы оқу орындарымен байланысты нығайтып, студенттер ортақ мәселелерді ортаға салып, оны шешуге атсалысады. Бұл тәжірибе алмасуға да зор мүмкіндік береді. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біздің білім ошағы республикада пилоттық жобаға кірген. Осы фестивальде соның аясында вебинар өткізілді. Егемендікті еңселі ету жолында кәсіптік колледждердің жұмысшы мамандар даярлауда қосар үлесі өте зор. Мемлекет тарапынан да арнаулы оқу орындарына көрсетілетін қолдау шаралары жылдан-жылға ұлғайып келеді. Сондықтан келешекте кәсіптік мамандықтар оқытуда колледждердің беделі артады деген үміттемін, - деді индустриалық-техникалық колледж директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тілек Исахметов.
Колледждер арасында өтіп жатқан фестиваль соңы өнерлі студент жастардан құралған көркемөнерпаздар тобының мерекелік концертімен аяқталды.