Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» Избранное

Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1330 раз

Үшінші мегаполисте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.

414

 

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жылдың басынан басталды. Әр ай белгілі бір салаға арналды. Енді «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталып, ол 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бекіткен жұмыс жоспарына сай өтетін жоба аясында 107 тармақтан тұратын іс-шаралар ұйымдастырылады. 17 желтоқсанға дейінгі әр күнге жеке атау берілген. Жобаның алғашқы күні – «Студенттер күні» деп аталды. Соған сай оқу орындарында жастарға қатысты іс-шаралар өтті, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Спикердің айтуынша, жоба 6 бағытты қамтиды. Олар – ұлттық құндылықтарды дамыту; білімді жастарды қолдау; мәдениет саласын дамыту; кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру; азаматтарды әлеуметтік қолдау және мерекеге орай ашылатын түрлі нысандар бағыты.
Қалада осы бағыттардың әрқайсысы бойынша оннан астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Жиынды қортындылаған Шыңғыс Жұмабекұлы іс-шаралар қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қарай, барлық талапты сақтай отырып өткізілетінін айтты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.