КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ Избранное

Среда, 24 Ноябрь 2021 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 331 раз

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемелердің комплаенс офицерлерімен кездесу өтті. Басты мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мен осы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін талқылау.

610

 

Шараға Департамент қызметкерлері мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысты.
Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді және заманауи әдістерін қолдану мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор үшін де өзекті болып табылады.
Комплаенс қызметінің маңыздылығы талқыланған жиында қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатынын айтып, қызметтерін адал атқаруға шақырды.
Ал мекемеде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін өздеріне жүктелетін жауапкершілікті сезінген әрбір басшы бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше басымдық беру қажет.
Сонымен қатар, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңызын жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының аға оқытушысы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ә.Ахметова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында квазимемлекеттік сектордың 186 ұйымында комплаенс қызметі жұмыстарын атқаруда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.