Версия для печати

МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Избранное

Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1277 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Өткен жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

626

 

Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті.
Комиссия жанынан 30 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылған. Оның құрамына ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар енген.
Қала әкімі комиссияның басты міндеті – халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару екенін атап өтті.
Мәжілісте қала әкіміне жұмысшы топ атқарған жұмыстың есебі баяндалды.
Топ мүшелері бекітілген тәртіп бойынша 9 бағыт негізінде 8 мыңнан астам азаматтың құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жұмысшы топ мүшелері тамыз айында
Алматы қаласына және қараша айында Өзбекстанның Бостандық ауданына іс-сапарға барып келді.
Отырыс қорытындысы бойынша Мұрат Әйтенов комиссия мен жұмыс топтарының мүшелері Мемлекет басшысы қойған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде орындау қажет екенін айтты және комиссия қызметінің мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.