Спортшыны жетістігімен құттықтаған қала әкімі әлемдік аренада алдағы уақытта үлкен жеңістерге жететініне сенім білдірді.
– Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан спортшылары халықаралық аренада Қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді. Олардың қатарында өзің секілді талантты боксшылар бар. 20 жаста әлем чемпионатының финалында сынға түсудің өзі үлкен ерлік және жетістік. Сен үшін спорттағы үлкен жеңістер баспалдағы басталды. Енді жаттығуды күшейтіп, бұдан да биік белесті бағындырып, қазақстандықтарды қуантуға күш жігеріңді сал. Сендерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Жетістіктеріңді көріп, өздеріңдей болуға талпынады. Спортшыларымыздың жетістіктері мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан біз алдағы уақытта үлкен жеңістер күтеміз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.