Версия для печати

Құрметті азаматтар – жаңа жинақта Избранное

Четверг, 02 Декабрь 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1679 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» жинағының тұсаукесері өтті. Еңбек ардагері Шерім Медеуовпен бірге салтанатты іс-шарада жинақтың қызыл лентасын қиған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаһар басшысы атынан ардақты азаматтарды құттықтап, кітаптың келешек ұрпаққа мол мұра болып қалатынын сөз етті.

650

 

– Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осынау кезеңде еліміз саяси-экономикалық белестерді бағындырды. Сонымен бірге республикалық мәртебеге ие болған Шымкент дербес мегаполис ретінде өзінің сара жолын бастады. Енді шаһардың тарихын, мәдениетін саралайтын уақыт келіп жетті. Кітаптың жарыққа шығуы – Тәуелсіздік тұсындағы руханиятымыздың түгенделе бастауының бір белгісі. Жинаққа 1967 жылдан бүгінгі күнге дейін «Құрметті азамат» атағын алған кісілер енді. Елге, тіпті республикаға танымал түрлі сала бойынша 145 қайраткердің өмірбаяны жарияланды. Қала руханиятын байытуға бағытталған игі қадамдар бұдан кейін де жалғасын табады, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Шымкент – Қазақтанның оңтүстік қақпасы. Еңбек ардагерлері мегаполистің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Қаланың әрбір кірпіші солардың қолымен қаланғанын тілге тиек еткен ардагер Еркін Сатқанбаев еңбегі еленген азаматтарға денсаулық пен жемісті еңбек тіледі.

651


Талай шәкірт тәрбиелеп, қазақтың көк байрағын биікке көтеріп жүрген елдің үздік бапкері Мырзағали Айтжанов та өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді. Сондай-ақ, қаламыздың Құрметті азаматтары белгілі ақын, Мұхтар Шаханов пен мемлекет қайраткері Амалбек Тшанов онлайн байланысқа шықты. Олар жинақтың жарыққа шығуымен құттықтап, Шымкенттің шарықтап дамуына тілектерін білдірді.
Ал, ақын Ханбибі Есенқарақызы жылы лебізімен қоса қаладағы ардагерлер аллеясына байланысты өз ұсынысын жеткізді.
Жинақ 1 мың дана таралыммен шықты. Кітап мегаполистегі жоғары оқу орындары мен кітапханаларға таратылады. Жаңа кітап – қаланың дамуына еңбек сіңірген азаматтар өмірінен сыр шертетін нағыз энциклопедия. Ол бәріне бұрын тарихтан тағылым алар ертеңгі ұрпақ үшін қажет.