Версия для печати

Музей – құндылықтың қайнар көзі Избранное

Четверг, 02 Декабрь 2021 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1555 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен бірге Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінің 20 жылдығы да қатар келіп тұр. Осыған орай музейде мерекелік жиын ұйымдастырылды.

653

 

«Музей – құндылықтың қайнар көзі» тақырыбында өткен басқосуға белгілі тарихшылар, мәдениет қызметкерлері, ардагерлер және студент жастар қатысты. Жиында мұражайдың тарихы, алғашқы құрылған шақтағы қиындықтар баяндалды. Сол кезеңде еңбек еткен ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, мұражайдың ұрпаққа берер тағылымы мол екенін айтты.
Музейдің ашылуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Тәуелсіздік жолында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым ету, Алаш арыстарының өміржолы мен қайраткерлігін таныту, сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, егемендіктің мән-мағынасын ұғындырып, оны тұғырлы ету үшін жастарға өткен тарихтан сабақ беру аталмыш жиынның басты мақсатына айналып отыр.
Алғашқы сөз алған өлкентанушы-тарихшы М.Әбдәкімұлы музей жанынан арнайы бөлім ашу жайында ой білдірді. Тарихшының айтуынша, Шымкентте Қорғасын және Химфарм зауытында істейтін жұмысшылар да негізінен ату жазасына іліккен. Ал қазақтан атылған алғашқы құрбан Әбілхайыр Досов болған.
— Репрессия жылдары қазақ даласында 26 мыңнан астам адам атылды, мыңдаған адам түрмеге жабылды, итжеккенге айдалды. Сол қасіретті күндер халық жадынан өшпей, ұрпақтар әрдайым ел үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызды ұмытпауы тиіс, - деді М.Әбдәкімұлы.
Іс-шара барысында тарихшы ғалымдар музейдің рөлі мен қасіретті жылдар туралы ой толғады.