Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 570 жиналыс өткізілді. Соның нәтижесінде 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 470 тұрғын үй жай серіктестікке бірікті.
Еңбекші ауданында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жүйесіне көшіру мақсатында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілді. Түсіндіру бағытындағы әрекеттерді жандандыру үшін жол картасы бекітіліп, кесте түзілді. Сол кестеге сай насихаттау ісі жалғасын тауып жатыр. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің 16-ның МИБ, 479-нің ЖС таңдау келісімдері және 47-нің бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, 576 үйдің тұрғындарына жаңа реформаның артықшылықтары түсіндірілді. 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан 11 көпқабатты үйге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіліп, қол жинау үшін хаттамалар берді.
Қазіргі таңда, Қаратау ауданында да аумағында МИБ және ЖС-нің тиімділігі жан-жақты түсіндіріліп келеді. Соның негізінде тұрғындармен 113 кездесу, 25 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Осыған дейін 11 МИБ және 333 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.