ОТЫЗ ЖЫЛДА БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС ОРАСАН Избранное

Среда, 15 Декабрь 2021 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 966 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 16 желтоқсан еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

756

 

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл – қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Әр ұлт үшін тәуелсіздіктен артық қымбат ештеңе жоқ.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың отыз жылда бағындырған белестері орасан. Бұл ретте милионнан аса жерлестеріміз өмір сүріп жатқан Шымкенттің алар орны айырықша.
Шымкент қаласы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен мегаполис статусы берілгеннен кейін шаһардың дамуы тың серпін алды. 1991 жылы Шымкентте 52 мәдениет нысаны болса, қазір олардың саны 120-ға жетті. Спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді. Денсаулық сақтау нысандары 27-ден 110-ға жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен елімізде 1000 жаңа мектеп салынатын болса, оның 72-сі Шымкентте бой көтермек.
Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс, берекелі ғұмыр тілеймін! Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында атқарған істеріңіз әрқашан жемісті бола берсін!
Мереке құтты болсын!

Айгүл ҚАПБАРОВА,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.