ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ Избранное

Среда, 22 Декабрь 2021 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 986 раз

Үшінші мегаполисте мерекелік жиын өтіп, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға құрмет көрсетілді. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма ұйытқы болған салтанатты іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Жастар орталығына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар жиналып, азаттықтың ақ таңын жаққан сол оқиға туралы деректі фильмді тамашалады.

817

 

– Биыл – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ, егемендік жолымыздағы ерен жағдай – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. 30 жыл ішінде жас мемлекетіміз қаншама жетістікке қол жеткізді. Экономикалық тұрғыдан кемелденген, саяси ұстанымы сарабдал, бәсекеге қабілетті, өзіндік басқару жүйесі мен мәдениеті қалыптасқан, әлем елдері санасатын қуатты мемлекетке айналды. Еліміздің осы дәрежеге жетуіне қосқан үлестеріңіз зор. Сіздердің сол кезде көрсеткен батылдықтарыңыз бүгінгі жас ұрпаққа үлгі. Біз желтоқсаншылардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, – деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов.
Мерекелік жиында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар марапатталды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танылған және ақталған азаматтардың кеудесіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдар тағылды. Ал бірқатар азаматқа Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.