Бар жақсылық балаларға Избранное

Среда, 29 Декабрь 2021 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1747 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы №4 балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілер әзірлеген жаңажылдық мерекенің қонағы болды. Қала басшысы балалар мен тәрбиешілерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

858

 

Шаһар басшысы балаларға ел Тәуелсіздігі туралы әңгімелеп, мемлекетіміз әрбір азаматтың білімді, салауатты болуы үшін барлық игіліктермен қамтып отырғанын, жаңа мектептер, спорт және ойын алаңшалары салып жатқанын атап өтті.
– Барлықтарыңды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сендер еркін елдің азаматысыңдар. Тәуелсіздік арқылы Отанымыз қуатты елге айналуда. Еліміздің жарқын болашағы өздеріңмен байланысты. Сендермен бірге Шымкент қаласы өсіп-өркендеп келеді. Қаламыздың басты байлығы – ол тұрғындары. Қаламызға әрқашан білімді, білікті мамандар керек. Сондықтан жақсы оқыңдар, талапты болыңдар. Өмірлерің табысты болсын! Болашақтарың баянды болсын! Жаңа жыл әрбіріңе жақсылығымен келсін!,- деді Мұрат
Дүйсенбекұлы.
«Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде» тақырыбында өткен мейрамда барлық балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Мерекелік кеш ертегі кейіпкерлерінің қойылымымен және әсем әуенмен жалғасты.
Айта кетейік, 1957 жылы құрылған мекеме 2014 жылы Шымкент қаласы №4 балалар үйі мекемесі болып қайта тіркелді. Мұнда 73 бала мемлекет қамқорлығына алынып, тәрбиеленуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.