Версия для печати

ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ Избранное

Пятница, 14 Январь 2022 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1255 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қалада болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті.

931

 

– Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, кассаларды қиратқан, банкоматтарды алып кетіп, тауарларды бүлдірді. Оған қоса бірнеше жерден от қойған. Негізінен алкоголь, гигиена заттары, тәтті тағамдар мен текстиль тауарларын алып кеткен. Абырой болғанда қызметкерлер жапа шеккен жоқ. Қазір барлығын тазартып, 10 қаңтардан бері сағат 10:00 мен 17:00 аралығында жұмыс істеп жатырмыз. Белгілі шектеуге байланысты алкоголь өнімдері мүлде сатылмайды, – дейді сауда желісі директорының орынбасары Ян Нагибин.
Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде таңда тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлік нысандары туралы мәлімет күнделікті жаңартылуда.
– Қаламыздағы 4-5 қаңтар күндердегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен 24 кәсіпкерлік нысан тіркелді. Барлығына келген шығын көлемі бүгінгі таңда 224 млн теңгені құрап отыр. Соның ішінде 13 кәсіпкерлік нысаны қайта қалпына келтіріліп, жұмысын бастады. Басқарма мамандары кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен бірге зардап шеккен нысандарды аралап, фото-видео есеп жинақтауда, – дейді басқарма басшысының орынбасары Біржан Азимбердиев.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.