Версия для печати

ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУГЕ БЮДЖЕТТЕН 4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ Избранное

Пятница, 14 Январь 2022 05:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1115 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі өткен отырыста берген тапсырмаларының бірі – халықтың табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ.

932

 

Осыған байланысты Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша маңызды ұсыныстар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Азаматтық қызметшілердің (білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) жалақысын жыл сайынғы 20 пайыздық өсіммен қамтамасыз етуге биылғы жылдың бюджетінен 4 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
Сонымен қатар, 24 мыңға жуық педагогтың айлығын 25 пайызға көтеруге де қаржы бөлінді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.