Қарлығаштың қанатымен су сепкендей... Избранное

Среда, 19 Январь 2022 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1437 раз

Қандай істі жүзеге асырғанда ең бастысы – ниет пен көңіл. Осы ойды ұстанған Шымкент жастары қала тазалығын сақтап жүрген мамандарға ілтипаттарын білдірді. Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен коммуналды мекеме қызметкерлеріне таңғы ас үлестірілді. Осылайша ауыр еңбекпен айналысып жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

940

 

– Шымкентті қайырымды қала деп тегін айтпайды. Осы атқа лайық болуды жастар іс жүзінде дәлелдеуге тырысады. Бұл жолы қаламызды таза ұстап, қоқыс тазалап жүрген аға-әпкелерімізге таңертең барып, ыстық кофе мен тәтті бәліштер үлестірдік. Мұндағы мақсат сол кісілердің көңілін көтеру болды. Мұндай акцияларға тек еріктілер емес, кез келген қала тұрғыны қатысып, қаланың тазалығын сақтап жүрген аға-әпкелерге алғыс айта аласыз. Себебі, туған қаламыздың тазалығы бәрімізге керек, – дейді
Нұрайым Шахимергенқызы.
Жастар бұл күні 50-ге жуық маманға таңғы ас үлестірген. Бұл акцияға «Айжамал тәттілері» дүкенінің жетекшілері демеушілік жасапты.
Сондай-ақ қаламыздағы ерікті жастардың қатарын кеңейту, қайырымдылық ең ізгі қасиет екендігін жастарымызға насихаттау болып табылады.
– Қаңтар айының басында болған жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Біз, жастар, үнсіз отырмай, елмен, халықпен бірге екенімізді көрсету мақсатында осындай шағын акция өткіздік. Жаппай тәртіпсіздіктің орнын тазалап жүрген кісілерге жылулық сыйлағымыз келді. Бұл олардың тамағы жоқ деген сөз емес, жастардың ілтипаты мен қолдауын білдіру. Қысы-жазы таңертеңнен кешке дейін қала тазалығына үлес қосып жүрген мамандарға біз де алғыс білдіргіміз келді, – дейді Шымкент қалалық еріктілер корпусының президенті
Жасмин Ашимова.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.