500-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ Избранное

Среда, 19 Январь 2022 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1026 раз

Шымкентте апта басында үш күн қатарынан нөсер жауын толассыз жауды. Осыған байланысты қаладағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеді. Олар қаладағы көшелердің бойына, арық-атыздар мен сай-салаларға жиналған суды арнайы техниканың көмегімен сорып, тазалады.

941

 

Мәселен, Әл-Фараби ауданында бұл жұмысқа 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылған. Аудан аумағы 7 секторға бөлініп, оның әрқайсысында кезекшілік ұйымдастырылған. Бекітілген мамандар ирригациялық арықтарды судан үздіксіз тазартты.
Еңбекші ауданы аумағында да осындай жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, №1 автожол (темір жол көпірінің асты) және Арғынбеков, Дизельная, Ата заң, Қызғалдақ, Мамбетов көшелерінің бойы жаңбыр суынан тазартылды. Оған 8 дана ассенизаторлық машина, Зил-130 көлігіне орнатылған 4 дана мотопомпа және «ЛТД-ТҰРМЫС» ЖШС-інің 83 жұмысшысы жұмылдырылған.
Ауа райының қолайсыздығы Абай ауданында да көшелер мен арық-атыздарға мөлшерден тыс су жиналуына себеп болды. Әсіресе, 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов, Аққараған көшелері мен Қатынкөпір, Шұғыла, Тельман, Ақниет шағынаудандарында судың мол жиналуы тұрғындарға қолайсыздықтар туғыза бастаған. Сол себепті жедел түрде су сору жұмыстары қолға алынды. Абай ауданында бұл жұмысқа 34 техника және 105 жұмысшы қатысты. Сонымен қатар, аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты түрде атқарылып, жалпы, бұл жұмыстар «Ақсемсер» ЖШС-інің 70-ке жуық қызметкері мен 23 техникасы тартылыпты.
Су сору жұмыстарына Қаратау ауданында да ерекше назар аударылып, оған 41 дана техника, 45 жүргізуші және 180 адам атсалысты.
Шаһарда жауапты мекемелердің қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, жауын зардаптарының алдын алды. Төрт аудан бойынша көшелер, арық-атыздарды тазартуға 80-нен астам техника және 550-ге жуық адам жұмылдырылды.
Айта кетсек, ауа-райын болжаушылар апта аяғына дейтін күн райы жауын-шашынды болатынын айтады. Сондықтан Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардан су жиналған орындарды байқаған жағдайда «I-Komek 109» ситуациялық орталығының 109 біріңғай байланыс телефон нөміріне хабарлауды сұрайды.