Азаматтардың өтініштерін тыңдады Избранное

Среда, 19 Январь 2022 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 508 раз

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өткен қабылдауға түрлі мәселелері бар 7 тұрғын жазылған. Олардың арыз-талабын Нұрғазы Бұхарбаев бастаған кеңес мүшелері тыңдады. Қоғамдық қабылдауда, сонымен қатар, Жұмағали Білісбеков, Нұржан Ажиметов, Бауыржан Әлтеев, Ерсұлтан Әмірбек сынды ел ағалары болды.

952

 

Қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысы мұң-мұқтажын арқалай келген. Мәселен, Айгерім Орынбасарова отбасына баспана сұрайды. Қала тұрғынының айтуынша, жұбайының мүгедектігі бар. Бес балалы келіншек екі перзентім мүмкіндігі шектеулі ретінде есепте тұрады дейді. Ипотекамен үй алуға қаржысы жетіспейді. Оның үстіне екі баласының дәрі-дәрмегіне ай сайын қыруар қаржы кетеді, ал баспана кезегім баяу жылжиды деген мұқтажын жеткізді.
Көп балалы әйелдің өтінішін тыңдаған Нұрғазы Бақтыбайұлы барлық мәселе заң аясында шешілетінін, мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Ал тұрғынның өтінішін жазып алып, депутаттар назарына жеткізетінен айтты.
Бұл күні қабылдауға келген азаматтардың көбісін үй мәселесі мазалайды. Дегенмен, араларында мүмкіндігі шектеулі жандар мен шалғай шағынаудандағы көршілерінің тілегін арқалай келген тұрғындар да бар. Қоғамдық кеңес мүшелері олардың барлығын мұқият тыңдап, тиісті кеңестерін берді. Айта кетейік, қоғамдық қабылдау 17-21 қаңтар аралығында жалғасады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.