МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ? Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3093 раз

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар – тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуға ниетті азаматтар үшін тиімді жобаның бірі. Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар өз ісін ашуды жоспарлап отырған бағдарламаға қатысушыларға тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.

979

 

Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған 30-дан астам мамандықтың тізімі бекітілген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыз жүрген азаматтар өзіне ұнаған мамандық бойынша оқып, сертификат алады. Олар қазіргі таңда сұранысқа сай дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрші, тас қалаушы, кран машинисі, визажист, шаштараз, аспаз және т.б. мамандықтарға оқуға жолданды.
Оқу мерзімі – 3 ай. Оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 17 000 теңге шамасында шәкіртақы қарастырылған. Оқыту курстарына жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген 18 жастан асқан (студент емес) және зейнет жасқа дейінгі азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Оқуын тәмамдаған азаматтарға біліктілік куәліктері табысталды. Сол құжат арқылы азамат мемлекеттік грантқа және жылдық пайызы 6% -дан аспайтын шағын несиеге құжат өткізе алады.
Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
1. Жеке басын куәландыратын құжат;
2. Еңбек кітапшасы (болған жағдайда);
3. Білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері;
4. №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама азаматтарды бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).
5. 20 санды банк шотының мәліметтері.
Грантқа құжат тапсыратын азаматтар:
* «Бизнес-бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған азаматтар;
* Аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алушы, табысы аз, көп балалы отбасылардың мүшелері;
* Қандастар мен қоныс аударушылар арасындағы жұмыссыз азаматтар.
Осы санаттағы азаматтардың жұмыссыз ретінде немесе кәсіпкерлер үшін заңды тұлға, жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелген мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.
Грантқа өтініш білдіру үшін мына құжаттар қажет:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік (қандастар үшін – қандас куәлігі);
3. Бизнес жоспар;
4. Сертификат («Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық оқуды аяқтағаны жөніндегі құжат).

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.