Тіркеу науқаны жастардың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтауға көмектеседі. Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы сараланып, олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтеді.
Биыл алты мыңға жуық жасөспірім тіркеу туралы куәлік алады деп жоспарланған. Тіркеу науқаны аясында қаланың жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері жігіттерді әскердегі қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Есепке алу-тіркеу жұмысымен бір мезгілде осы жылдың қаңтарында әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу науқаны да басталды.