Биыл даулар «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында баламалы тәсілмен сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері арқылы шешу қолға алынған. Бұл жоба қаңтар айынан бастап қолданысқа енген. 2021 жылы Азаматтық істер бойынша түскен 4752 арыздың 3486 сына қатысты іс аяқталған. Оның ішінде 1863 іс шешімін тауып, 633 іске сот бұйрығы шығарылып, 522 талап қараусыз қалдырылған. 1377 арыз қайтарылып, 388 іс қысқартылған.
– Арыз иелерімен сотқа дейінгі кездесу мен келісім болмауынан және арыздың дұрыс берілмеуі салдарынан 522 талап-арыз қараусыз қалдырылды. Арыз иелеріне мамандар арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, -дейді Сайдыбаттал Лаулинұлы.
Айта кетейік, 2021 жылы Еңбекші ауданында ұрлық ісі бойынша арыз-шағымдар азайған. Ал, ұялы телефон ұрлығы мен электронды алаяқтық қылмыстарға айыппұл салынып, сот оларды бітімгершілікке шақырған.
Ақбөпе ЕРГЕШ