Версия для печати

Жоспарда – 1 млн 60 мың шаршы метр Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1197 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполистегі құрылыс қарқыны биыл 2021 жылдағы көрсеткіштен асып түспесе, кем болмайды. Оның ішінде басымдық тұрғын үйге беріледі. Бұл туралы Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

130

 

Спикердің айтуынша, өткен жылы қалада пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 млн шаршы метрден асты.
– Ел игілігіне тапсырылған баспананың ішінде көп пәтерлі үйдің жалпы ауданы 571 мың шаршы метрді құраса, 440 мың шаршы метр – жеке тұрғын үйлер. Осылайша 2020 жылмен салыстырғанда индикатор көрсеткіші 56 пайызға ұлғайды. Ал биыл, 2022 жылы жалпы көлемі 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, – деді
Әбілсейіт Байсейітұлы.
Маманның айтуынша, тұрғын үймен қоса әлеуметтік нысандардың да құрылысы жалғасады. Атап айтқанда, өткен жылғы ірі құрылыс нысандарына қатарына Бадам өзенінің бойын абаттандыру мен Металлург стадионын қайта құру жобасы жатады. Басқарма басшысы пандемия салдарынан стадиондағы құрылыста біршама кідіріс болғанын, биыл тиісті жұмыс жалғасып, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отырғанын жеткізді.
2021 жылы 4 мектеп пайдалануға берілген. Биыл 11 білім ошағының құрылысы жалғасуда, жыл соңына дейін 6 мектеп ашылады. Оған қоса, биылғы ірі құрылыс жобасының бірі ретінде Конгресс-орталық нысаны аталып отыр. Былтыр іргетасы қаланған нысан 2024 жылы ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.