СТАНЦИЯ КӨКТЕМДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Избранное

Среда, 02 Февраль 2022 03:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1044 раз

Шымкент қаласындағы №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы биыл жылыту маусымы аяқталған соң, яғни, көктем айларында іске қосылады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов мәлімдеді.

160

 

—Шымкенттегі №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы жоба бойынша 2023 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда, қала шетіндегі елді мекендер мен шағынаудандарда тұрғындардың табиғи газсыз отырғанын ескерген қала әкімі Мұрат Әйтенов АГРС-тің құрылысын 2021 жылдың соңына дейін жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Осыған орай өткен жылы бұл нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, - деді Мәулен Зарлықұлы.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, құрылыс кезінде күтпеген қиындықтар орын алған.
–Атап айтқанда, жобалау кезінде орын алған кемшіліктерге байланысты магистралды газ құбырын Арыс өзенінен өткізу қиынға соқты. Бұл қосымша жұмыстардың туындауына әкеп соқтырды. Оған қоса техникалық сынақтар барысында отандық өндірушіден алынған газ қондырғыларының стандартқа сәйкес еместігі анықталды. Шұғыл түрде Ресейден қондырғылар алдырып орнатуға тура келді. Қазір газ тарату станциясы іске қосуға дайын тұр. Жылыту маусымы аяқтала салысымен АГРС-ті іске қосамыз, - деді ол.
М.Айманбетовтің айтуынша, №3 АГРС-тің қуаттылығы – сағатына 250 текше метр. Бұл – елдегі ең ірі автоматтандырылған газ тарату станциясының бірі. Әрі өте жоғары қысыммен жұмыс істейтін және өрт қаупі жоғары нысан. Сондықтан, станцияны қосу жұмыстары көктем айларына, яғни, құрғақ және жылы мезгілге қалдырылып отыр.
Айта кетейік, ішкі газ жүйелері тартылған елді мекендердің тұрғындары 31 қаңтардан бастап техникалық шарт жасай алады. Алайда, бұл абоненттерге табиғи газ №3 АГРС іске қосылған кезде ғана беріледі.