ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАСТЕРЛІ ЕСІМ Избранное

Среда, 09 Февраль 2022 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 755 раз

Шымкенттегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Сабыр Рахымовтың 120 жылдығына арналған «Ел үмітін ақтаған, ер атағын сақтаған — Сабыр батыр» іс-шарасы өтті.

201

 

— Жерлесіміз, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымовтың 120 жылдығына орай кітапхана оқырмандарының басын қостық. Кітапхана қызметкерлері батыр өмірінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кезеңін сахналады. Оның еліне, Отанына деген махаббаты, ерлігі бүгінгі бейбіт елдің ұрпақтарына үлгі-өнеге, – дейді кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетов.
Іс-шара барысында қойылған «Майдан даласындағы Сабыр» атты театрландырылған көрініс оқырмандарды бір сәтке майдан даласына жетелегендей. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы ОҚУ мен «Үміт» мектебінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.
Б.Нұрманбетовтың айтуынша, 2021 жылы жаңартудан өткен арнайы кітапхана оқырмандарға қолайлы етіп жабдықталған. Онда балаларға арналған бөлме, Брайль әдісімен (бедерлі-нүктелі шрифтпен) жазылған әдебиеттер мен тактильді кітаптар бөлімі бар. Әдебиеттердің арнайы аудио нұсқасы да бөлек бір бөлімге топтастырылған. Бүгінде 41 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетіп отыр. Оның 9-ы бірінші топтағы көз мүгедегі.
Айта кетейік, кітапхана қызметкерлері жыл сайын жаңадан шыққан көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды Брайль тілінде кітапхана баспасында басып, кітап қорын
толықтырып отырады.