КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 949 раз

Елімізде қаңтар оқиғасында көп зардап шеккендер — шағын және орта кәсіп субъектілері. Бүлікшілер келтірген залал ақшалай есептегенде жүздеген миллиард теңгеге жетеді. Әрине соның ішінде Алматы қаласы бірінші орында тұр.

214

 

Үшінші мегаполисте де орын алған оқиға кезінде біраз ғимарат қиратылып, кәсіпкерлік нысандардағы заттарды ұрлап-тонаған. Дегенмен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінде бизнес субъектілеріне келтірілген шығын көлемі есептеліп, өтемақы төлеу жұмыстары қолға алына бастады.
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, 21 қаңтарда шаһарда тонаушылық әрекеттерден зардап шеккен кәсіпкерлердің материалдық шығынын өтеу мақсатында өңірлік комиссия құрылды. Сондай-ақ комиссияға арнайы хатшы бекітілді. Өз кезегінде хатшының құзыретіне InfoKazakhstan сайтына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті құжаттарын жүктеу міндеті тапсырылды.
Соңғы мәлімет бойынша жергілікті кәсіпкерлер палатасының қарауында 29 бизнес нысанының құжаттары жатыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі 194,5 млн. теңгені құрайды. Бүлік кезінде 3 ірі кәсіпкерлік объектісі және 26 шағын және орта бизнес нысаны зардап шеккен.
46 миллион теңгеден астам шығын көрген 7 кәсіпкер қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаты есебінен атқаруына байланысты мемлекеттен өтемақы алудан бас тартты. 27 қаңтар мен 9 ақпан аралығында кәсіпкерлер тарапынан комиссия қарауына 28 өтініш берілді. Оның алтауы қайта толықтыруға кері қайтарылды. Шығыны 35,5 млн. теңге болған 9 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет. Аталған 9 нысанның алтауы комиссияға өтініш тапсырса, үшеуінің тиісті құжаттары жинақталуда. Ал бір нысан өтініш бермеуге шешім қабылдады.
Кәсіпкерлер палатасының ресми өкілі К.Серікбаеваның айтуынша, 27 қаңтарда қалалық әкімдік 3 бағалаушы компанияны белгілеген. Қажетті мәлімет InfoKazakhstan мен қалалық әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған. Сондай-ақ бағалаушы компаниялардың тізімдері зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылды. 9 ақпандағы мәліметке сай жергілікті әкімдік пен бағалаушы компаниялар арасында келтірілген шығын көлемін есептеу бойынша арнайы келісімшарт түзілді.
Айта кету керек, қаңтардың 5-10 күндері еліміз бойынша «Атамекен» ҰКП call-орталығына 2774 өтініш келіп түскен. Оның 1406-ы тонаушылық деректері, 39-ы әртүрлі жағдайлар бойынша шағымдар.